Жаңалықтар

«Кептер жедік»: Мөлдір Әуелбекова желіні күлкіге батырды

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бала кезіндегі қызықтарын айтып, елді күлкіге қарқ қылды.

Әнші өзінің инстаграм парақшасында видеожазба қалдырды.

«Картоп күйесімен мейлі ғой. «Бала кезде неге біз кептер жедік екен?” — деп ойланып отырмын. Кептер жегендер барсыңдар ма?» — деді Әуелбекова.

Мұны көрген көпшілік өнер иесін қолдай кетті. Олар да балалық шағын еске алып, естеліктерін жазды.

«Бармыз», «Сорпалататын едік қой», «Қой бағып жүріп, осылай картопты күйдіріп жеуші едік», «Бала кезде осылай жейтінбіз», «Ас болсын», «Күйген картоп ерекше ғой», «Кептерді жемеңдер, ол – бейбітшілік құсы», «»Жедік, ет сатып алып жеу қиын еді ғой», «Есімде, дәмі күшті еді ғой», — деп күлді көпшілік. 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close