Жаңалықтар

Министрлік мемлекеттік рәмізге өзгеріс енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу керегін айтты

Фото: egemen.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны ауыстыруға қатысты мәселенің жүргізілу тәртібін мәлімдеді. Хабарлауынша, мемлекеттік рәміздерге өзгеріс енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Конституцияның 54-бабына сәйкес мемлекеттік рәміздерге енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар әуелі Парламентте қаралып, кейін жалпыхалықтық дауыс беру арқылы шешіледі.

Сонымен бірге министрлік шет елдердегі мемлекеттік рәміздерге өзгерістер енгізу мәселесіне де талдау жүргізген екен. Алайда ел аумағында төтенше жағдайлардың болуына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында елтаңбаны өзгерту туралы шешім жалпы келісім болған жағдайда қабылдануы мүмкін екенін айтқан еді.

Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынған. –

Сәуір айының басында қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. Қаржы министрлігі құзырлы органның сауалына берген жауабында биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңбаны шығаруға қосымша шығын жарияламағанын айтты.

Ал жақында Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close