Жаңалықтар

200 тотықұсты елге алып кірмек болған қазақстандық әйел ұсталды

Мемлекеттік шекараны қорғау қызметі аясында шекарашылар өткен тәуліктерде жанармай, халық тұтыну тауарларын, тіпті екі жүз тотықұсты заңсыз өткізу әрекетінің жолын кескен.
Атап айтқанда, Сарыағаш («Б. Қонысбаев» және «Жібек жолы» өткізу бекеттері) және Ақтөбе («Жайсан» бекеті) учаскелерінде 1 500 литр дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды. Орал шекара жасағы учаскесінде 900 кг сиыр етін, 3 000 000 теңгенің құрылыс материалдарын, 20 тонна жемісті, 18 тонна қантты, Ақтөбе учаскесінде 100 кг тоқыма өнімдерін, 11,5 тонна көкөністі (қияр, қызанақ, пияз) Қазақстанға заңсыз алып кіруге, сондай-ақ Қостанай учаскесінде 31 тоннадан асатын халық тұтынатын тауарларды алып шығуға жол берілмеді. Бұдан бөлек, Қырғыз Республикасынан 200 тотықұсты елге заңсыз жолмен алып кірмек болған 1975 жылы туған ҚР азаматшасы ұсталды.

Мақалаға толық сілтеме: https://www.inform.kz/kz/200-totykusty-elge-alyp-kirmek-bolgan-kazakstandyk-ayel-ustaldy_a3529148

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close