Жаңалықтар
«Аяулы жан» жобасы аясында психолог Гүлжанар Калауова «Демеу» қызметкерлері үшін «Кәсіби шаршау» атты психологиялық тренинг өткізді.
«Аяулы жан» жобасы аясында арнайы шақыртылған психолог Гүлжанар Калауова «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері үшін «Кәсіби шаршау» тақырыбында әлеуметтік қызмет саласында қызмет ететін мамандар үшін маңызды психологиялық тренинг өткізді.
Психолог маманның айтуынша
“Адамдарға, әсіресе өмірлік қиын жағдайларға тап болғандарға көмек көрсету және қолдау көрсету жұмысы орасан зор эмоционалдық және физикалық ресурстарды талап етеді. Көмек көрсететіндердің өздері эмоциялық тұрғыдан тұрақты және кәсіби күйзеліске ұшырамауы өте маңызды”.
Тренингке қатысушылар – «Демеу» орталығының санитарлық қызметкерлері мен психологтары кәсіби шаршау механизмдерін, алдын алу және қалпына келтіру әдістерін зерттеді. Жеке ресурстарды ұғыну, стресстер мен эмоцияларды басқару, жұмыста ынталандыру мен шабыттандыруды сақтау үшін техника бойынша жаттығулар жүргізілді.
“Біз қоғам үшін маңызы зор «Демеу» орталығының қызметкерлерін қолдап, шабыттандыра алғанымызға қуаныштымыз”, – дейді “Аяулы жан” жобасының қоғаммен байланыс маманы Жасұлан Мамбеткерей.