Жаңалықтар

Абдулазиз бен Салман Әл Сауд құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

 

– Біз Қазақстанмен арадағы тарихи тамыры терең қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде Сауд Арабиясы көмек қолын созған алғашқы елдердің бірі болды, – деді министр.

Бұдан бөлек, кездесуге қатысқан Саудияның ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайян Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаның перспективалары, сондай-ақ Қазақстанмен «жасыл» энергетика саласындағы өзара ықпалдастық жоспары жайында айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close