Жаңалықтар

Адамға жаман ой тастайтын ән айтуға шариғатымыз тыйым салған» — ҚМДБ

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, адамды азғындыққа, әдепсіз іске үндейтін әндерді тыңдау шариғатқа қайшы.

“Адам баласының нәпсісін қозғайтын, оның дене мүшелерін қимылдатқызатын және Аллах Тағаланың зікірінен тосатын, ешқандай мән-мағынасы жоқ, өмірдің рахатына, махаббатқа, ғашықтыққа, зинаға итермелейтін кез келген музыка түбегейлі харам”, – деді наиб имам Нұрсұлтан Қасымов.

Сондай-ақ ол ата-ана, отан, мемлекет тақырыбындағы, жалпы патриоттық сезімді оятатын әндер не харамға, не халалға жатпайды дейді. Оның орнына барабанды даңғырлата отырып, орындалатын нәшидтер, яғни діни өлеңдер, дастандар және Аллаға құлшылық етуді насихаттайтын әуендерді тыңдау халал деп айтты.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close