Ақтауда 39 жастағы Наталья Бойкова із-түзсіз жоғалып кетті. Ол жұмысқа орналасу үшін сұхбатқа кеткеннен кейін байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz пориалына сілтеп.
Lada.kz басылымының мәліметінше, Наталья 2026 жылғы 6 наурыздан бері іздестіріліп жатыр. Оның анасы Вера Бойкова қызы Dina Shopping Center сауда орталығына жұмыс бойынша сұхбатқа кеткенін, бірақ сол кеткеннен кейін қайта хабар бермегенін айтады.
Жоғалған әйелдің анасы қызының бұрын-соңды мұндай жағдайда болмағанын атап өтті. Наталья әрдайым жақындарымен байланыста болып, ұзақ уақыт хабарсыз кетпейтін болғандықтан, ата-анасы дереу полицияға жүгінген.
«Қызымыздың аман-есен үйге оралуын күтіп отырмыз. Бәрі жақсы болады деп үміттенеміз. Қатты сағынып кеттік», – дейді анасы.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Наталья Бойкованың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 нөміріне хабарласуы сұралады.


