Жаңалықтар

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 346 ОТБАСЫ ТӨЛЕМ АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРДІ

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен 346 отбасы біржолғы төлемді алуға өтініш берді. Материалдық шығындарды есептеу үшін аудандарда комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде 94 тұрғын 28 млн теңге көлемінде өзінің біржолғы әлеуметтік төлемін алды. Аймақта гуманитарлық көмек жинау орталығы да жұмыс істеп тұр. Мұнда 10 күн ішінде 210 тонна азық-түлік пен тағы 80 тонна өзге де қажетті тауарлар жиналған. Оның дені мұқтаж отбасыларға таратылды. Гуманитарлық көмекті зардап шеккен аудандарға жеткізуге 8 мың 500-ден астам ерікті көмектесуде.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close