Жаңалықтар
Ақылы оқитын студенттер білім алуға жылына қанша қаржы жұмсайды?
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елдегі университеттер оқу ақысын өздері белгілейді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 112 жоғары оқу орны бар. Студенттер қаласы атанған Алматыда 37 ЖОО болса, Астанада – 14. Шымкент және Қарағандыда 8 университеттен бар. Меншік нысанына қатысты бөлетін болсақ, республикада 44 мемлекеттік, 67 жеке меншік, 1 шетел меншігіндегі жоғары оқу орны бар.
«Мәселен, ұлттық университеттердегі грант құны 1 млн 200 мың теңге болып белгіленген, ал бір жылдық оқу ақысының құны 500-550 мың теңге маңайында. Әрине, КИМЭП, Нархоз секілді жеке меншік ЖОО-лардағы оқу ақысы жоғары. Бірақ олар білім сапасына жауап береді. Мемлекеттік университеттерді қатаң бақылап отырамыз. Баға диапазонын грант құнына қарағанда төмен деңгейде ұстауға тырысамыз. Сондықтан да бұл мәселе бақылауда тұр», – деді министр.