Жаңалықтар

Әлемдегі мұнай компанияларын басқаратын қазақ қыздары анықталды

 

Қазақ жерінен қара алтынның өндіріле бастағанына биыл 125 жыл толмақ. Сонау 1899 жылғы 13-18 қарашада Оңтүстік Ембідегі Қарашұңғыл шатқалында тұңғыш мұнай фонтаны атқылай бастады. Сонда ескі технологиялармен жер астынан шамамен 25 мың тонна жеңіл мұнай шығарылды. Осылайша, Қазақстанның мұнай байлығын игеру тарихы бастау алды.
Салыстырсақ, 2023 жыл қорытындысында республика шамамен 90 миллион тонна мұнай мен газ конденсатын өндіріп, оның 70,5 млн тоннасын жаһандық нарыққа сатты.

Сонымен бірге Қазақстан әлемге білікті мамандар сыйлауда. Бүгінде майталман қазақстандық мұнайшы мамандарға бүкіл әлемде сұраныс үлкен.

Осы орайда, 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық мейрамы қарсаңында мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі кеңес
секторда, дүниежүзіндегі жетекші компанияларда басқарушы лауазымдарда жұмыс істейтін қазақстандықтарды атады.

«Тәуелсіздік жылдарында біздің отандастарымыз халықаралық мұнай-газ жобаларында және алпауыт компанияларда жоғарғы тұғырларға дейін биіктей алды. Осының бәрі Қазақстанның азаттық алуының арқасы. Соның нәтижесінде елімізге озық елдердің трансұлттық компанияларының, ірі инвесторларының келуінің және Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Доңға кен орындарының игерілуінің нәтижесі. Ұлттық кадрлар осы жобаларда орасан зор тәжірибе жинады және қазіргі кезде әлемдік мұнай-газ саласында, шетелдік ірі компанияларда жауапты лауазымдарды абыройлы атқарып жүр», – деп түсіндірді аталған кеңес сарапшылары.

әлемдік мұнай секторын ауыздықтаған атқамінер қазақ айымдарына толығырақ тоқталып, оларды өз халқына таныстыра кетуді жөн көрді.

Ұлттық мұнай-газ сервисі қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, атағы әлемге мәшһүр алып мұнай-газ компанияларында биік лауазымдар атқаратын қазақстандықтардың жалақысы 7-10 миллион долларға дейін баруы мүмкін. Бұл Қазақстан түгіл, ауқатты Батыс елдеріндегі жұмыскерлердің орташа жалақысынан жүз еседей көп.

Үкімет жағдайын жасаса, лайықты қызметті ұсынса, Еуропада, Америкада, Азияда және Африкада еңбек етіп, жаһандық мұнай секторының жүгін көтеріп жүрген нәзік болмыс иелері – қазақ қыздары бәлкім, болашақта елге оралып, Қазақстанның өркендеуіне үлесін қосуы да ықтимал.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close