Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ АУМАҒЫН ТАЗАРТУҒА КІРІСТІ

Алматы облысының жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазартуға кірісті. Бес бағытты қамтитын бұл науқан бес аптаға созылады. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен өтіп жатқан тазалық науқанына облыс тұрғындарының төрттен бір бөлігін жұмылдыру көзделген. Алматы облысының тұрғындары өткен аптада «Таза өлке» шарасына қатысқан.

Ал бүгін өңірде «Киелі мекен» апталығы басталды. Себебі облыс аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі: — Жалпы осы Алматы облысының, Алатау өңірінде 1200 тарихи-мәдени объектілер бар. Оның 960-тан астамы сол археологиялық ескерткіштер болып табылады.

Әрине, соның бәрін біз қазір кестеге қойып, осы аптаның ішінде толық тазалаудан өтеді. Бүгін қала, аудан жастары мен еріктілер Қонаев қаласының іргесіндегі «Тамғалы тас» археологиялық кешені аумағын абаттандырып, Жамбыл ауданындағы Жамбыл Жабаев мұражайының маңайын қоқыстан тазартты. «Киелі мекен» шарасы «Талғар қалашығы» мен «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында да қызу жүріп жатыр. Аружан Оразова, Қонаев қаласының тұрғыны: — Елдің тазалығы, киелі жерлердің ары қарай дамуы біздің қолымызда. Шетелден қаншама азаматтар бұл жаққа келіп, кәдімгідей тамсанып қарайды. Бибігүл Дәндіқарақызы, «Таңбалы» музей-қорығының директоры: — Туристерге келетін, көрермендерге қолайлы қызмет көрсету үшін біз жаңағы өзіміздің туристерді қарсы алып алу сервисін жақсартуымыз қажет.

Сол бағытта да осы мынау іс-шара өте маңызды болды және керек болып тұр еді осы тарихи орындарды көгалдандыру, безендіру мәселесі. Алматы облысы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық шарасына 500 мың адам тарту жоспарланып отыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close