Жаңалықтар
Алматыда 7 наурыз күні әйелдер мәселесін көтеретін митинг өтеді
Митинг өткізуге рұқсатты Алматы әкімдігі берген. Хабарды алматылық қоғам белсендісі Бибінұр Шералиева жеткізді. «Әйелдердің лайықты өмірі үшін» тақырыбындағы митинг сағат 12:00 кезінде Махатма Ганди саябағында өтеді.
Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ әйелдің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады.