Жаңалықтар

Алматыда Гагарин даңғылының бір бөлігінің атауы не себепті өзгертіледі: қалалық мәслихат өкілдері түсіндірді

Мәслихат өкілдерінің мәліметінше, сөз Төле би көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықтағы даңғылдың гүлзар бөлігі турасында болып отыр. Сонымен Юрий Гагарин атындағы даңғылдың Климент Тимирязев көшесімен қилысатын тұсынан басталатын бөлігін Ермек Серкебаевтың есімімен атау жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру ұсынылуда. Бостандық және Түрксіб аудандарындағы атаусыз көшелерге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцевтің есімдері беріледі. «Тұңғыш ғарышкер, Кеңес одағының батыры Юрий Гагариннің есімімен шартты түрде «13-линия» деген көше аталды, оның негізгі бөлігі қазіргі Төле би (бұрынғы Комсомольская, 1991 жылға дейін) және Жандосов (бұрынғы Қарғалы тасжолы, 1964 жылға дейін) көшелерінің шегінде болды. Шешімді 1961 жылғы 14 сәуірдегі Алматы қалалық атқару комитеті қабылдаған болатын.

Төле би көшесінен Юрий Гагарин даңғылының негізгі, гүлзар бөлігі Жандосов көшесінде үзіліп, тек 2 кварталдан немесе 560 метрден кейін жалғасады. Сонымен қатар бұл сегментте жаяу жүргіншілер немесе басқа жолдар жоқ. Осы жағдайды, сондай-ақ қаланың өсіп келе жатқан халқын ескере отырып, заманауи қалалар жағдайында тұрғындар, қонақтар мен туристер үшін навигация күрделене түсетінін ескеру қажет.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close