Жаңалықтар

Алматыдағы ВИЧ жұқтыру жағдайы: аурухана басшылары қызметінен босатылды

 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов мәлім етті.

«Комиссия 2 ай бойы жүргізген тергеу жүргізіліп, материалдар құқықтық бағалау үшін тергеу органдарына берілді. Медициналық персоналға қатысты аурухананың бірінші басшысы және басшының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды. Тергеу фактісі бойынша операциялық рәсім стандарттардың бұзылуына жол берген 2 медбике тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Нұрхан Сәдуақасов Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып,

Сондай-ақ, спикер аталған істі тергеу органдарында қарау қорытындысы бойынша жазаның басқа түрлері көзделуі мүмкін екенін айтты.

Еске сала кетсек, былтыр маусымда Алматы қаласындағы ауруханада науқастардың адамның иммундық тапшылық вирусын (АИТВ/ВИЧ) жұқтырып алуына байланысты эпидемиологиялық тергеу басталғаны туралы хабарлаған едік.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close