Жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер жер сілкінісі кезінде де операцияны тоқтатпаған

 

Мегаполисте жер сілкінген кезде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері үш науқасқа операция жасап жатқан.

Аурухана баспасөз қызметінен атап өткендей, жер сілкінген кезде медицина қызметкерлері өз науқастарын эвакуациялады. Тек ота бөліміндегі дәрігерлер өз орындарында қалып, операцияны жалғастырды.

«Әрине, жер сілкінісін бәрі сезді, бірақ біз жоспарлы кесарь тілігін жасап жатқанбыз, медбикелер ота үстелін, анестезиолог науқасты ал мен жаңа туған қыз баланы ұстап тұрдым. Бақытымызға орай, біз отаны сәтті аяқтап, шұғыл эвакуацияландық», — дейді акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадулаева.

Кардиохирург Тимур Ибрагимовтың сөзінше, операция үстелінде 68 жастағы науқас жатқан.

«Бұл жүрек артерияларындағы қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін және жүректің ишемиялық ауруын емдеудің хирургиялық әдістеріне жататын ота еді. Егер біз кардиохирургтар операцияны тоқтататын болсақ, оның салдары сөзсіз нашар болар еді. Әрине, жер сілкінісі қорқынышты болды, біз жанымызда тұрған барлық адамдар үшін уайымдадық, бірақ біздің басты мақсатымыз төтенше жағдайда науқастың өмірін сақтап қалу болды», — деді кардиохирург Тимур Ибрагимов.

Ал травматолог дәрігер Бекзат Бейсенов сан сүйегіне остеосинтез операциясында болған.

Біз сан сүйегі сынған әйелге ота жасап жатқанбыз, жер сілкінісі кезінде барлық медицина қызметкерлері өз орындарында қалып, хирургиялық араласуды жалғастырды», — деп атап өтті дәрігер.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close