Жаңалықтар
Арыстағы жарылыс кезінде де жұмыс орнын тастамаған күзетші
Арыстағы жарылыс кезінде жұмыс орнын тастап кетпеген күзетші оқиғаның қалай болғанын ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
Көп жылдардын бері банкте күзетші болып жұмыс істейтін Пернехан Бекмырзаев жан-жақта жарылыс болып жатқанда, жұмыс орнын тастап кетпеген. «Біз тәртіп бойынша басшылықтың рұқсатынсыз ешқайда кетпеуіміз керек. Өйткені өзіңіз білесіз, банктің жұмысы өте жауапты. Сондықтан да мен жарылыс болып жатқан кезде, қауіпті білсем де өз жұмыс орнымда болып, басшылықтан нұсқаулық күттім»,- дейді Пернехан Бекмырзаев. Арыстық тұрғын өзінің бұл ісін батырлық деп есептемейді. «Өйткені менің орнымда болған әрбір адам осылай істейді, жалпы кәсіпке деген адалдық болу қажет»,- дейді ол.
Дереккөз://www.inform.kz/kz/zharylys-kezinde-zhumys-ornyn-tastamagan-arystyk-kasipke-adaldyk-kerek_a3543577