Жаңалықтар

Асхат Хасенов ресми түрде ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды

28 мамырда өткен ҚМГ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Асхат Хасенов ұлттық компанияның басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Асхат Хасенов сондай-ақ ҚМГ директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядтағы операторы болып бастаған.

2006 — 2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маман, бас маман, мұнай-газ кен орындарын игеру мониторингі бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры, вице-президенті болды.

2011 — 2019 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің меминспекция және рұқсат беру басқармасын, мұнай химия және техникалық реттеу департаментін басқарды.

2019 — 2022 жылдары — «KLPE» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары.

ҚазМұнайГазға тағайындалғанға дейін 2022 — 2024 жылдары аралығында ҚР энергетика вице-министрі болып қызмет етті.

Бұл лауазымда жер қойнауын пайдалану және мұнай-газ химиясын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, сонымен бірге көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияны басқарды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close