Жаңалықтар

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр

Бұл жолы «Өзін ауылдың баласы секілді көрсетіп жүр» деген Бишімбаев інісі Бақытжан Байжановты өзін бопсалады деп айыптады.

«Байжанов осы жобадағы шығындарды бақылаумен айналысты, оған егер жақсы жұмыс істесең, өз бағасына пәтер беремін деген едім. 5 ай бойы ол мені бопсалап, вип-залға қайта-қайта кіргенін айтпауымды өтінді. Неліктен аммиак туралы бөлікті сіз одан нақтыладыңыз да, менен сұрамадыңыз? Ол аммиакпен вип-залға кірді, оны алып кеткен де – сол, ол жерде 5 минут болды. Осы 5 айда мен одан қаржылық құжаттарды қайтаруды талап еттім. Ол “егер сіз менің вип-залда болғаным туралы мәліметті алып тастасаңыз, қайтарамын” деді. Байжанов өзін ауылдың баласы ретінде көрсетіп жүр ғой. Шын мәнінде осы уақыт бойы менен пәтер талап етіп келеді. Оған қоса бұрынғы әйеліммен бірігіп көлігімді ұрлап кетті», – деді Бишімбаев. 

Оның сөзін судья бөліп жіберді. 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close