Жаңалықтар
АСТАНАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2024/04/IMG_3829.jpeg)
Астанадағы Дін істері жөніндегі басқарма өкілдері мен қала тұрғындары кезекті рет қайырымдылық керуені акциясын ұйымдастырды.
Бұл жолы батыстағы ағайынға жылу жинап берді. Онда ұзақ сақталатын азық-түліктен бастап, киім-кешекке дейін бар. Басқа түскен қиындық баршамызға ортақ, – дейді қайырымды жандар. Ерболат Жүсіпов, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы: – Біз кеше Қостанай өңіріне, нақтырақ айтқанда, Арқалық өңіріне үлкен машиналарымызды жібердік.
Қостанай өңіріне машина жібергеннен кейін халықтан, жамағаттан ұсыныс түсті Ақтөбе өңіріне жіберейік деп. Дер кезінде 2 машина табыла қалды.
Бүгін шығып кету керек. Жоспарымыз – кешке дейін машина жолға шығып, керек-жарақты халыққа жеткізу. Мәдина Сәпиева, қала тұрғыны: – Үйде отыра алмай, естіп отырғаннан кейін келіп, қолымыздан келгенше тиын-тебен, заттарымызды беріп жатырмыз. Лек-легімен келіп жатқан жастар, жұдырықтай қыз балалар, студенттер келгенде жылап жібердім. Апа мына тамағымызды өткізейік деп едік, стипендиямыздан алып келдік дегенде.