Жаңалықтар

Астанаға көшіп келетін халық санына шектеу болмайды

Астана халқының саны жыл санап артып келеді. Тұрғын саны көбейген сайын баспана мен әлеуметтік нысандарға да сұраныс еселеп өсетіні түсінікті. Оның үстіне, елорданы жайлы қалаға айналдыру мәселесі тағы бар. «Әкімге сұрақ» айдарында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектен сұхбат құрдық.

— Жеңіс Махмудұлы, әңгімені құрылыс саласынан бастасақ. Әкімдік тұрғын үй кешендерінің орнына әлеуметтік нысандар салуды қолға алды. Қай аудандарда, қандай әлеуметтік нысандар салынады? 

— Өткен жылы жұртшылық наразылық білдіріп, жедел шешімді талап еткен 20-дан астам объект болды. Соған сәйкес қала жоспарына өзгерістер енгізіліп, барлық шешім тұрғындардың пікірі ескеріле отырып қабылданды.

Тығыз құрылыс объектілеріне қатысты оң шешімдер бар. Осылайша 20 тұрғын үй кешенінің орнына әлеуметтік нысандар тұрғызылатын болды. Атап айтқанда, мектеп, білім беру орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері сияқты 8 әлеуметтік объект және 9 қоғамдық кеңістік (3 мектеп, 2 білім орталығы, 8 сквер, 1 саябақ және 3 әлеуметтік нысан) құрылысы жоспарланып отыр.

Елордада жұмысына салғырт қарайтын құрылыс компанияларының «қара тізімі» бар. Бұл ретте туындаған проблема қалай шешіліп жатыр? Олардың «қара тізімнен» шығу мүмкіндігі бар ма? 

— Бүгінгі таңда елордада рұқсат алмай, тиісті құжатсыз салынған 40-тан астам көп пәтерлі тұрғын үй анықталды. Жауапты мердігер компанияларға жұмыстарын тоқтату туралы ұйғарым беріліп, аталған субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, 6 нысан бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2023 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұруға және бұзуға 115 талап арыз жолдаған, оның ішінде:

6 талап арыз сотта қаралып жатыр

23 талап бойынша ұйғарым талаптарының орындалуына байланысты талап күшін жойды

86 талап арыз қанағаттандырылды

74 сот шешімі Астана қаласының Әділет департаментінің қарауында.

Бұдан бөлек, қалада Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы талаптарының сақталуы бойынша бірқатар мәселе бар. Сонымен қатар, азаматтарды ақпараттандыру мен заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлерден ақша жинауға құқығы жоқ құрылыс компаниялардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close