Білім
«Астаналықтардың қазақ бола тұра қазақша сөйлемеуі – нағыз надандықтың белгісі». Инженер Арман Рахмет
Фото: жеке қорынан
Инженер, қоғам белсендісі Арман Рахмет Астана халқының қазақша сөйлемеуін айыптап, сынға алды. Қазақтың қазақша сөйлемеу үрдісін сөз етіп, мұны «надандыққа» балады, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.KZ. ұлттық порталына сілтеме жасап
Инженер, қоғам белсендісі Арман Рахмет Астана халқының қазақша сөйлемеуін сынға алды:
Өткенде Астанада бір апта болып келдім. Қала әдемі болғанымен ана тіліміз есігінен кіре алмай далада қалған екен. Қайда барсам да естіген сөзім “здрасте”, оны айтып өзінше сәлем салып тұрғандар да өзім сияқты қазақтың қара ұл-қыздары… Мен 20 жылдан бері мұнай-газ саласында, ал соңғы бес жылдан астамында шетелде жұмыстамын. Айтпағым, осы аралықта қаншама ұлтпен бірге жұмыс жасадым, БІРДЕ-БІРІ ӨЗАРА ӨЗГЕ ТІЛДЕ СӨЙЛЕСПЕЙДІ!Тек қана бізде солай. Кез келген мекемеге кірсең өзге тілде шүлдірлегендер. Бәлкім өздерінше білімді, заманауи болып көрінгілері келетін шығар. Құдды бір қазақша сөйлесе олай көрінбей қалатындай, ол жерге сай болмай қалатындай. Беттеріне қарап тұрып қарағым олай болса менің екі дипломым және MBA дәрежем бар, үш шет тілін білем, миллиардтан астам халқы бар Қытайдың ең үлкен ұлттық мұнай корпорациясында жұмыс жасаймын, және сенің қазақ бола тұра қазақша сөйлемеуің маған нағыз надандықтың белгісі болып көрінеді деп айтқым келеді. Уақытым болса кейде айтып та кетемін. Түсінген түсінеді, түсінбегендер какая разница деп қуады. Ресейге көшіп кетіңдершиш онда какая разница болса.Сөздің шыны керек, егер орысша сөйлейтін болсам солардың көбін он орап алатындай деңгейім бар, бірақ болмайды, қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек, басқа жол жоқ. Әй, Астана-бас қала. Не болды соншама өз тіліңді менсінбейтіндей?.. – деді ол.