Жаңалықтар

Баспасөз конференциясы өткізілді

10 наурыз – Халықаралық әйел судьялар күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар алаңында Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, облыстық соттың судьялары Ш.Маликова және К.Қаниева баспасөз конференциясын өткізді.

Шарада облыстық соттың судьясы Ш.Маликова 2021 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 10 наурызды халықаралық судья әйелдер күні ретінде бекіткенін, негізгі мақсат – сот жүйесіндегі әйелдердің жағдайын жақсартуға ықпал ету екенін тілге тиек етті.

Алқа төрағасы Ж.Оспанова бүгінде таңда еліміздің сот жүйесінде әйел судьялар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға атсалысып келе жатқанын, қазіргі таңда облыста 85 судья қызмет атқарып жатса, оның 30-ға жуығы әйел судьялар екенін, сонымен қатар, 3 әйел судья сот төрағасы қызметтерін атқарып келе жатқанын атап өтті.

Облыстық соттың судьясы К.Қаниева Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексінің негізгі қағидалары және әкімшілік істерді қараудың ерекшеліктеріне тоқталды.

Баспасөз конференциясына қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close