Жаңалықтар

Батылдық, мейірім, мықты рух – Елордада қайырымдылықпен айналысатын жандар марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы алтыншы жыл қатарынан «Қайырымдылық керуені» байқауын өткізді. Байқау игі іс жасайтын адамдарды анықтауға және ынталандыруға, қайырымдылық идеясын насихаттауға бағытталған.

Бүгінгі жеңімпаздар арасында адамды ажалдан арашалағандар мен қайырымдылықпен айналысып, ұлттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізіп жүрген меценаттар да бар.

Бір ғана биылғы байқауға 949 өтінім келіп түссе, 6 жылдың ішінде 4 мыңға жуық өтінім тіркелген. Коммисия мүшелеріне де жеңімаздарды анықтау оңайға соқпаған. Себебі іс жүзінде әр қатысушы марапатқа лайық.

Мәселен, «Туған жер» номинациясының жеңімпазы, Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғыны Мария Нисонова туабітті зағип болғанына қарамастан көптеген адамның өміріне мағына сыйлауда.
Мария зағип және нашар көретін адамдарға арналған компьютерде жұмыс істеу, қолөнер, дойбы және шахмат ойындарын үйрету арқылы ерекше қажеттілігі бар ауыл тұрғындарына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады, фортепианода, баянда ойнайды. Ертегі жазып, ересектер мен балаларға әдеби кештер ұйымдастырады.

Байқаудың «Асар» аталымында Ақмола облысы Қосшы қаласынан келген музыкант Азамат Бақи жеңімпаз атанды. Ол Құрманғазы атындағы консерватория түлегі және музыкалық аспаптарда ойнап қана қоймай, қолдан жасаумен шұғылданады. Ұмыт болған қазақ аспаптарын зерттеп, қайта жаңғыртумен айналысады. Көптеген аспапты Қытай мен Моңғолиядан әкелсе, кейбірін атақты музыканттар мен әншілердің ұрпақтарынан сатып алған.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close