Жаңалықтар

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНҒА 150 АРНАЙЫ ТЕХНИКА ЖӨНЕЛТТІ

Алматы облысынан 150 арнайы техника Батыс Қазақстанға жол тартты.

Облыстық әкімдікке қарасты мекемелер мен әскери бөлім қызметкерлері тасқынмен күресуге арналған ауыр техникаларды Қонаев пен Алматы қаласындағы темір жол бекеттерінен жүк тасымалдайтын составтарға тиеп жіберді. Әр техникаға бір жүргізушіден бекітілді. Олар пойыздың басындағы жолаушылар вагонына орналастырылды.

Бұл шараға облыс кәсіпкерлері, ірі кәсіпорындар мен коммуналдық қызметтер, сонымен қатар шаруа қожалықтары да атсалысты. Алмас Батанов, облыс әкімінің орынбасары: — Жол салушы мердігер компаниялардың техникалары жұмылдырылды және құрылыстағы техникаларды жұмылдырып, біз кеше 51 техниканы Батыс Қазақстан облысына жібердік Орал қаласына.

71 техника қазір дайын, соны қазір 1-2 сағатта сол батыс өңіріне жібереміз және де 41 техника біздің осы жерде істейтін кәсіпкерлер басқа өңірлерден сол жаққа беріп жатыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close