
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бірнеше күн бұрын қызды болғанын жазған едік. Бүгін өзінің парақшасында үшінші қызына қандай есім бергенін жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
“Қош келдің, Алагөзова Алиса Тұрсенғалиқызы”, – деп жазды продюсер.
Еске сала кетейік, кеше ғана өзінің 50 жасын дүркіретіп жасаған Баян Мақсатқызы қызды болғанын хабарлап, күтпеген жаңалық жасаған.



