Жаңалықтар

БЕЙНЕУДЕ ГАЗ ЖАРЫЛЫП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Маңғыстау облысында жер үйде газбен жылыту қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 4 шамасында Бейнеу ауылында болды. Күшті жарылыстан бес бөлмелі үйдің күл-талқаны шыққан. Құтқарушылар 42 жастағы әйелдің мәйітін үйінді астынан тапты.

Үй иелері қолдан жасалған газ пешін қолданғаны анықталды. Бұған дейін жылыту қазандығын тексерген мамандар ескерту де жасаған.

Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны тексеріс қорытындысынан соң жарияланады, — дейді төтенше жағдай қызметкерлері. Ақан Нұрдәулет, облыстық ТЖД аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы: — ҚР қылмыстық Кодексінің 292-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған дерек негізінде тиісті сот-сараптамалары тағайындалуда. Болжамды ойымыз бойынша, табиғи газдың ағуы нәтижесінде газды-ауа қоспасы жарылды деген себеп бар.

Профилактикалық жадынамалар үнемі таратылады. Осы жылыту басталар уақытта да барлық үйге жеке-жеке кіріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close