Жаңалықтар

«Бір әжетхананы 30 млн салдырғаны есте»: Айгүл Орынбек Жансейіт Түймебаев туралы айтты

Фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысын басқарған уақытта жарытып жұмыс істемегенін айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Мақтааралға барып той тойлағанын білемін. Бір әжетхананы 30 млн-ға салдырғанын есімде. Шатқалды білем. Есімде тек солармен қалыпты», – деді қоғам белсендісі.

Айгүл Орынбектің айтуынша, Шымкент қаласындағы шатқалдарды көгалдандыру, абаттандыру іске аспағанын және жұмсалған 1 млрд-тан астам қаражат құмға сіңген судай болғанын айта келе, жобаны ілгерілеткен әкім Жансейіт Түймебаевтың ісіне құзырлы органдар баға беруі керектігін атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close