Жаңалықтар

«Бірінші саман кірпіш пен тастан салынған нысандар қирайды»: Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді

 

Алматыда қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін араға біраз уақыт салып 4 наурыз күні тағы да дүмпу орын алды. Бұгінгі 5, 4 баллдық сілкініс көпшілікті тағы дүрбелеңге салды. Күндіз сезілген тербелістен кейін тұрғындар жаппай сыртқа шығып, ғимаратта қалуға үрейленді.

Осы тұста көпшілік қаладағы ғимараттардың табиғи апатқа қаншалықты шыдай алатынын білгісі келеді. Stan.kz тілшісі мамандардан мегаполистегі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігі туралы сұрап көрді.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ералы Тоқпаровтың айтуынша, Алматы қаласындағы үйлердің барлығы 9-10 балдық жер сілкінісіне есептеліп салынған.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close