Жаңалықтар

«Бишімбаев Нүкенованы өлтіргісі келсе киллер жалдайтын еді»

Жарыссөз барысында Ерлан Ғазымжанов Бишімбаев «Салтанатты өлтіргісі келсе, қала сыртына апарып, өлтіріп, көміп тастауына болар еді» немесе «кісі өлтіруші жалдайтын еді» деп айыптау актісіне қарсы шығуға тырысты.

«Елестетіп көрейікші, егер Бишімбаев кісі өлтіруді жоспарласа, ол мұны өз қолымен жасай ма? Бишімбаев кісі өлтіру әрекетін өз қолымен жасағысы келді делік. Ол мұны іске асыру үшін кісі өлтіру қаруын алдын ала дайындап, Нүкенованы қауіпсіз жерге апарып, өлтірер еді. Сосын мәйітті жасырып, қылмыс орнынан тезірек кетуге және қаржылық мүмкіндіктерін пайдаланып Қазақстанды қашып кетуіне болар еді», – деді адвокат. 

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close