Жаңалықтар

БҚО-ҒА ДЕСАНТШЫЛАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы Магистральный ауылының тұсында, екі шақырымнан астам аумаққа су жайылған. Жергілікті тұрғындарға қол ұшын беруге Десанттық-шабуылдау әскерінің 300-ден астам әскери қызметшісі көмекке келді.  Десантшылар Жайық, Көшім және Деркөл өзендерінің жағалауларын нығайтуға жұмылдырылды. Жұмыс аумағы екі жарым шақырымды құрайды. Биіктігі, төрт метр бөгет салу үшін шамамен 5 мың қап құм қажет. Тасқын су тұрғын үйлерге, қауіп төндіріп тұр. Татьяна Искакова, ауыл тұрғыны: — Бұл шынымен де қорқынышты еді.

Әкімдік бөгет салу жұмыстарын ұйымдастырды. Оған барлық жасөспірімдер, әйелдер мен қаладан келген еріктілер қатысты. Ал бүгін немерелерім жүгіріп келіп, сарбаздар келіп жатқанын айтты. Олар бәрі жақсы болатынына сенімді. Өйткені біздің осындай қорғаушыларымыз бар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close