Жаңалықтар
BookVibe жобасы аясында өткен «Менің сүйікті кітабым»
BookVibe жобасы аясында өткен «Менің сүйікті кітабым» атты марафонының марапаттау рәсімі бүгін салтанатты түрде өтті! Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жаухар» қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл марафон,
кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жастар арасында оқуды насихаттау мақсатында өткізілді.
Марафонға қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары жайлы ойларын бөлісіп, шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Бүгін біз сол еңбектердің жемісін көріп отырмыз!
Марафон қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз анықталды. Олардың арасында 10 қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болса, 1, 2, 3 және 4 орын иеленген жеңімпаздарымызда бар. Әрбір жеңімпаз өз еңбегімен ерекше көзге түсіп, марафонның тақырыбын аша білді.
Жүлдегерлер тізімі:
1-орын:
Азизова Мариям
2-орын:
Алима Бекбосынова
Ақнұр Алмасқызы
3-орын:
Аида Нұралы
Санжар Сырғабаев
Гүлвира Танаева
4-орын:
Бөрте Мұрат
Дана Әбдіманап
Диана Даулетқызы
Риана Ниязова және Амир Таипов
Бұл марафон әр қатысушының әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Кітап әлемі сіздерге әрдайым шабыт беріп, ой-өрістеріңізді кеңейте түссін!
#BookVibe #МеніңСүйіктіКітабым #МарафонЖеңімпаздары