Жаңалықтар

Боранбаев өз еркімен 120 миллиард теңге қайтарды

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалды. Ол бюджет қаражатын жымқырды және салықтан жалтарды деген күдікке ілінді.

«Боранбаев негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар 120 миллиард теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы 134 миллиард теңгені қайтарды. Бірақ қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақыны қайтаратын шығар», – деді Елемесов.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close