Жаңалықтар
Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды — Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растады.
«Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», — дейді Антикордан.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін бірқатар БАҚ Үкімет басшысының кеңесшісі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны жайлы инсайдерлік ақпарат таратқан еді.
Осыған орай ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
«Ерлан Қожағапанов 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуір айына дейін Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Ол қазір Үкімет басшысының кеңесшісі деген ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген үндеуде.