Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстанның барлық облысында жаңбыр жауады деп күтілуде

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстік циклон барлық дерлік аймақтарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде +10…+18 градусқа дейін, шығыс және оңтүстікте +15…+23 градусқа дейін түседі. Тек батыс облыстарда +15…+23 градусқа дейін темрпература көтеріледі. Бұған дейін Алматыда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеетіні, осыған байланысты ТЖД өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасағаны хабарланған еді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close