Жаңалықтар

Депутат Бақытжан Базарбек жаңа құрылыс кодексінің жобасын сынға алды

 

Депутат жаңа Құрылыс кодексінің жобасында барлық ұсыныс ескерілмегенін, шын мәнінде ондағы нормалар бұрынғы заңнамадан көшірілгенін айтты.

«Бұл Құрылыс кодексінің жобасында жаңа ештеңе жоқ. Сейсмика бойынша 145-бапқа тоқталсақ, паспорттау мен көзбен қарап шығу ескерілген. Атап айтқанда, сейсмика – ол адам өміріне тікелей қатысты. Яғни, Алматыда болған оқиға қайталануы мүмкін, біз алдын алу шараларын қолға алуымыз керек. Нысан пайдалануға қабылданғанға дейін тиісті тетіктер іске қосылуы қажет. Бұл нормаларды қолданыстағы заңнамадан жай ғана көшіріп алғандарыңыз түсінікті болды», — деді Мәжіліс депутаты.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close