Жаңалықтар

Депутат Отбасы банкін азаматтарға өз ақшасын пайызбен беріп отыр деп сынады

 

Ислам Сұңқардың айтуынша, Отбасы банкі аралық қарыз беру шарттарын өзгерткен. Бірақ шешім қазақстандықтар үшін әділетсіз.

Депутаттың пікірінше, азаматтарға өз ақшаларын өздеріне қарызға беріп яғни пәтердің толық құнының пайызын есептеп, банк комиссияларын алу әділетсіз шешім.

“Бұл сомаға депозит бойынша сыйақы және мемлекет сыйлықақысы есептелетінін, ол клиентке табыс әкелетінін айтады. Біз мұны қаржылық қулықтан басқа ештеңе деп санамаймыз. Біз шарттар бойынша осы депозиттің пайыздық мөлшерлемесі жылдық небәрі 2% құрайтынын көреміз. Ал мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын шектеулі сомаға есептеледі. Өсім 87,9%, яғни 107,5 миллиард теңге. Бұл қарапайым салымшыларға әсер етпейді”, – деді депутат.

Депутат банк клиенттердің ақшасын төмен мөлшерлемемен депозитте пайдаланып, миллиардтаған табыс табатынын және оны клиентке бермей өз қалауы бойынша пайдаланатынын әділетсіз деп санайтынын жеткізді. 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close