Жаңалықтар

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды

15 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын деді,

Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды.
«Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық», — деп мәлімдеме жасады Құдайбергенов.
Одан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.
Халықаралық көші-қон ұйымы – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. Халықаралық көші-қон ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылған.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close