Жаңалықтар
Доктор Владимир Месамед: «Қазақстан халқына жолдау – аса маңызды саяси құжат»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, Қазақстан халқына Жолдауының мәтіні – Қазақстанның келешектегі мақсат-міндеттерін айқындайтын маңызды әрі саяси құжат екені сөзсіз.
Мен елде болып жатқан процестерді көптен бері талдап келемін, соңғы жылдары бірнеше рет Астанаға жолым түсті. 2019 жылғы президенттік сайлауда халықаралық бақылаушы ретінде жұмыс істедім, сондықтан демократияландыруды дамыту және кеңейту бойынша еліміздің (Қазақстанның) әрбір жаңа қадамын даму, жаңа қоғам құруға талпыныс, азаматтардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру жолындағы ілгерілеу деп санаймын. Әрине, елдің әр тұрғыны мүддесіне әсер ететін басты нәрсе – елдің саяси трансформациясы. Аталмыш процестері қалай жүріп жатыр, оған көптеген адамдар атсалысуы қажет. Қазақстанның жаңа кезеңі өткен жылдың қаңтар айынан бері дамып келе жатқан азаматтық қоғам қалаған өзгерістерден басталды.
Бүгінде мұндай қажам азаматтардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылып, қайтымсыз сипат алды деп айтуға болады. Президент Тоқаевтың сөздерімен толық келісемін. Жаңа бастамаларға сай билік тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдік қалыптасады, онда саяси негіз- президенттік республиканың мықты парламенті бар модел айқындалған. Бұл формулада биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтары баршаның және әрбір қазақстандықтың мұқтаждықтары мен тілектерін ескеріп, олардың қызметін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты мазмұнымен жүйелеу маңызды. Осылайша, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуы, толыққанды саяси мәдениеттің өсуі мен жан-жақты қалыптасуы дамиды. Тоқаев өз жолдауында атап өткендей, мұның барлығы қазірдің өзінде сапалы жаңа деңгейге көтерілді.
Жолдауда саяси реформалардан табиғи түрде туындайтын жоспарланған және жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге көп көңіл бөлінеді. Бұл, сөзсіз, әлеуметтік аспект екенін атап өту маңызды. Жолдауда қазіргі экономикалық модельдің көзбояушы жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделгені. айтылған. Жолдауды оқи отырып, елдің экономикалық дамуы жөніндегі барлық жоспарлар терең пысықталғанына, егжей-тегжейлі есептеулермен нақтыланғанына, дәлелденгеніне және нақты мақсат – елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына көз жеткізесіз.
Бұл сандар бойынша жыл сайынғы экономикалық өсім 6-7 пайызды құрайды, бұл 2020 жылдардың соңына қарай Ұлттық экономика көлемін 450 миллиард долларға көтеріп, екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Мақсат түсінікті. Ел президенті Әділ Қазақстанды, тең мүмкіндіктер мен прогресс елін, заң мен тәртіп, диалог, жауапкершілік пен ынтымақтастық мәдениеті үстемдік ететін тиімді мемлекетті құруды қолға алды. Біз, Қазақстанның шетелдегі достары, қашан да тілектестік танытып, қолдауға дайынбыз.
Доктор Владимир Месамед (Израиль)
Иерусалимдегі Еврей университеті