Жаңалықтар

Екі бала терезеден құлап кетті: ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ТЖМ ақпаратынша, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түскен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған. Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған; балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close