Жаңалықтар

ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНДЕ МАМАН ТАПШЫ

Мұндай станциялар фельдшерлермен 90% қамтылса, дәрігерлер саны 80%-ке да жетпейді. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының өкілі айтты.

Ақхалаттылар не себепті жедел жәрдем қызметінде жұмыс жасағысы келмейді? Жедел жәрдем бригадасы кезекті шақыртуға шығып барады. Дәрігер Маралдың бұл қызметте жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Әр жұмыс күні ондаған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Өзі – 4 баланың анасы. Қызмет бабында кейде психологиялық тұрғыда салмақ түсетінін айтады. Айлығы 400 мың теңге шамасында. Бұл оның еңбек өтіліне қарай бекітілген сома екен. Марал Бәкиева, медициналық бригаданың дәрігері: — Бір күн күндіз істейміз, екінші күні – түн. Сосын 2 күн демаламыз. Оңай. Қиындықтары да бар енді, сол шақыртуларға байланысты. Күніне шақыртулар өте көп, 10-12 жасаймыз.

Ал түнде 20-21. Еңбек демалысы негізінде 28 күн, бірақ онымен қатар «оздоровительный» қосылады. Жалпы 42 күн аламыз жылына. Жедел жәрдем қызметіне жұртшылық тарапынан алғыс та, шағым да бар. Елорда тұрғындарына жүргізген сауалнамамыздың нәтижесі осыны аңғартты. Сауалнама: — Жедел жәрдем уақытында келмейді. Мен алдында 2-3 сағат күттім. Қан қысымы болған менде. Келген жоқ. Сонымен өзіміз бардық. — Үйдегі тәтем ауырып қалды.

Соған шақырдым. Бәрі жақсы, келді. Иә, фельдшер, бәрі болды. — Еңбекақылары өте төмен. Менің жолдасым алады 200 мың теңге. Оның үстіне ол дәрігерлердің тәуліктеп жұмыс істегенін қоссаңыз.

Олар түнге түседі ғой бір күндері. Содан кейін олардың таңертең бір бітпейтін «планеркалары» бар. Мамандардың айтуынша, астанада «103» байланыс желісіне тәулік сайын кемінде 3 мың қоңырау келіп түседі екен. Осы аралықта 100 медициналық бригада қызмет көрсетеді. Саладағы түйткілдердің бірі жедел жәрдем көліктерінің жай-күйінде болып тұр.

Ермек Рамазанов, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары: — Негізгі талап бойынша әр 10 мың тұрғынға бір жедел жәрдем көлігі болуы тиіс. Елордада қазір 1,5 млн адам болса, бізде 149 көлік бар. Бірақ көбі ескірді. Біз оларды жөндеуден өткізу үшін конкурс жарияладық. Ал жол-көлік оқиғасы салдарынан 10-ға жуық көлікке зақым келді. Олар бойынша сақтандыру, бағалау компанияларымен тиісті жұмыс жүріп жатыр. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ресми мәліметінше, елдегі жедел жәрдем станцияларында 1541 дәрігер мен 13 мыңнан астам фельдшер қызмет етіп жатыр.

Тәжірибелі дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңге болса, фельдшерлер еңбек өтіліне байланысты 350 мың теңге шамасында айлық алады. Дегенмен салада маман тапшылығы айтарлықтай сезіліп отыр. Асхат Сапаров, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарушы директоры: — Мамандармен енді проблема бар. Орта маман, фельдшерлермен қамтамасыз ету 90%-тей республика бойынша. Ал дәрігерлермен қамту 73% төңірегінде.

Медициналық оқыту мекемелерінде, түрлі кафедраларда алғашқы көмек көрсететін мамандардың аздығына байланысты сол кафедраларда сондай курстар ашылып, мамандар даярланып жатыр. Сол мамандар әрі қарай көбейтіліп, оларға грант бөлініп, солар мекемелерге бағытталып жұмыс жасайды деген үлкен бағдарламалар бар. Шалғай елді мекендердегі науқастарды орталық ауруханаларға шұғыл жеткізу үшін санавиация қызметі қарастырылған. Бұл тұста өзара жасалған келісімшарт негізінде компаниялар кез келген уақытта әуекемелерімен қамтуға дайын, – дейді мамандар.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close