Жаңалықтар

Елімізде 297 инвестициялық жоба іске асады

Биыл отандық туризмді дамытуға 433 миллиард теңге бөлінді. Осы бағытта 297 инвестициялық жоба іске асырылады.

Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев брифингте айтты. Сондай-ақ 3200-ден аса тұрақты, 4,5 мыңға жуық уақытша жұмыс орнын құру көзделген.

Комитет төрағасының айтуынша, жыл соңына дейін жалпы сомасы 246 миллиард теңгеге 148 жобаны аяқтау жоспарланған. Нұртас Кәріпбаев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы: – Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Шымкентте гастраномиялық фестиваль, Алматы облысында шарлар фестивалі, өңірлерде баспасөз өткізу жоспарланып отыр.

Еліміздің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Қазақстан Берлин, Дубай және Шанхайдағы ірі жәрмеңкелерде таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстанды халықаралық ірі платформалар атап өтіп жатыр.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close