Жаңалықтар

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма? – министр жауабы

 

Ақмарал Әлназарова:

«Осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан барлық дәрі-дәрмектің бағасына тиісті сараптама жүргізіп, олардың жоғарғы шекті бағасын реттеп отырды.

Емханалар мен бизнес тарапынан бағаны шектемеу мәселесі туралы бірнеше рет (мәселе) көтеріліп, монополияға қарсы агенттіктің шешімімен екі-үш кезеңде барлығына жаппай бағаны реттеу тәртібінен ДСМ кетуі керек деген мәселе көтерілген. Былтыр алғаш рет 303 препаратқа немесе 4 және одан да жоғары сауда атауы бар дәрі-дәрмектерге баға жіберілді. Өткен жылдың қорытындысымен олардың орташа бағасының өсуі 14-15 пайыз болды. Сондықтан биыл 1728 препаратқа бағаны босату тәртібі енгізілген.

Алайда біз бұл жұмысты тиісті сараптау жүргізгеннен кейін бастамау туралы шештік. Бұл жұмысты кезең-кезеңмен жіберу мәселесін екінші жартыжылдықтан көреміз деген жоспар бар», — деді Ақмарал Әлназарова.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close