Жаңалықтар
Елімізде тұрмысы нашар отбасындағы балаларды ата-анасының рұқсатынсыз тартып ала ма — Мәжілісмендер жауап берді
Депутат Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, әйелдер құқығын қорғау және балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң жобасында балаларды отбасынан алып кету туралы немесе кәмелетке толмағандар ісі бойынша сот төрелігіне қатысты бірде-бір норма қарастырылмаған.
«Өйткені біз балалардың отбасында тәрбиеленгенін, елімізде жетім балаларға арналған мекемелердің жабылғанын қалаймыз. Сондықтан балаларды отбасынан алып кету бұл заң жобаларында қарастырылмаған”, – деді депутат.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның сөзінше, басқа да заң жобаларында балаларды отбасынан тартып алу мәселесі қарастырылмаған. Бұл мәселе министрлікте көтерілмейді. Әлеуметтік желіде отбасынан балаларды тартып алуға қатысты тараған ақпараттың бәрі жалған дейді.