Жаңалықтар

Елордада «Қайқая шапқан қарагер» атты театрландырылған қойылым өтеді

20 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында Оспан Батыр Исламұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Қайқая шапқан қарагер» атты музыкалық-театрландырылған қойылым өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қаймана қазақтың хас батыры Оспан Исламұлының (1899-1951) 120 жылдығына арналған «Қайқая шапқан қарагер» атты еске алу кешін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырып отыр. Демеуші – «ЕР ЖӘНІБЕК» халықаралық қоғамдық қоры. Кеш 20 мамыр күні, сағат 19.00 -де «Астана» концерт залында өтеді. Кеш аясында Е. Тоқсабановтың «Қайқая шапқан Қарагер», Т. Жахиннің «Бабалар мекені – Алтай», «Оспан батыр», Ғ. Қабибекұлының «Оспан батырдың соңғы сөзі», Халық Ризабектің «Сұлубай арман», Е. Зейіпханның «Көк тудың желбірегені», Сұлубайдың «Сұлубай», Бүркітбайдың «Ой, Ғайша» сынды туындылармен бірге «Көзіңнің мөлдірін-ай», «Ағажай Алтай», «Елік-ай, әттең, шіркін», «Кербезім-ай», «Қайран, Алтай, Марқакөл» сияқты халық әндері тарту етіледі. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Ерлан Рысқали, Ибрагим Ескендір секілді эстрада жұлдыздары мен «Сарыарқа» халық музыка ансамблі, «Әлем» эстрада би ансамблі, «Қаллеки» театрының актерлері қатысады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close