Жаңалықтар

Эмманюэль Макронның қазақы тазылармен түскен суреті жарияланды

Франция Президенті Эмманюэль Макронның жеке фотографы Instagram-дағы парақшасында мемлекет басшысының қазақы тазылармен түскен суретін жариялады.

Фотосуретте Франция Президентінің жанында үш ит тұр, оның екеуі — тазы.

Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті этноауыл көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.

Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға сыйлаған қазақы тазының екі күшігі Францияға жеткізілді.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген ат қойылғаны мәлім болды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close