Жаңалықтар

ЕСІРТКІ ТРАФИГІМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАЙТЫЛАДЫ

Елде есірткіге қатысты әрбір үшінші қылмыс интернет арқылы жасалады. Жыл басынан бері оның үлесі 160-тан асқан. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі есірткі бойынша құқық бұзушылықтар 2063-ке жеткенін айтады. 4 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

Оның біреуі трансұлттық сипатқа ие. Елде есірткіні өндіру және тарату әдістері де сан құбылып тұр. Әккі қылмыскерлер ғылыми-техникалық прогрестің мүмкіндіктерін шебер қолдана бастаған. Қазір мәжіліс әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасын қарап жатыр. Бұған түнгі клубтарда кездесетін «көңілдендіретін газды» жатқызуға болады. Ал «Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары» аясында анықталған синтетикалық препараттардың көлемі артқан.

Жыл басынан 225 келісі тәркіленген. Былтыр оның жалпы үлесі 1 тоннаға жуықтады. 16 есірткі зертханасы анықталды. Желідегі белсенділікті «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі дереу анықтап жатыр. Осылайша жыл басынан бері есірткі саудасы туралы ақпарат таратқан мыңға жуық сайт бұғатталды. Шыңғыс Алекешев, ІІМ ресми өкілі: — Интернет арқылы жасалатын есірткі дилерлігіне қарсы күрес, күреске ерекше назар аударып отырмыз. Бізде қазір кибернадзор деген ақпараттық жүйе қосылған. Оның көмегімен есірткі сайттарын анықтап, оларды бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті ақпарат жіберіп отырмыз. Үш айдың ішінде есірткінің таралуы туралы ақпараты бар мыңға жуық сайт анықталып, бұғатталды. Сондай-ақ есірткі тарататын интернет дүкендерді анықтау үшін телеграмм бот қосылды бізде. Оған екі мыңнан астам қызметкер қосылды. Қазірдің өзінде 52 ірі интернет дүкен және сондақ-ақ аудиториясы 75 мыңнан астам қолданушысы бар 37 анықталып, жойылып отыр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close