Жаңалықтар
Еуразиялық банк «Ең тез тауар кредиті» және «Автокредит беретін үздік банк» марапаттарына ие болды
International Business Magazine басылымы жыл сайынғы International Business Magazine Awards рейтингі шеңберінде Еуразиялық банкті Қазақстандағы «Ең тез тауар кредиті» және «Автокредит беретін үздік банк» екі номинациясы бойынша атап өтті.
Басылым сарапшыларының қорытындысы Еуразиялық банктің қызметтері мен өнімдерінің талдауына және олардың ел нарығындағы танымалдығына негізделген.
Еуразиялық банк 2022 жылдың нәтижелері бойынша Қазақстанда автокөліктерге несие беруден жетекші орында. 2021 жылдан бастап өтінім беруден бастап түпкілікті шешім қабылдауға дейінгі жаңа және жүрілген автокөліктерге несие беру қашықтан жүзеге асырылуда.
Тұтынушыларға бөлімшелерге немесе сауда нүктелеріне келудің қажеті жоқ, барлығы онлайн режимінде өтеді және тұтынушылар бүгінде бұны белсенді түрде пайдалануда. Қызметке сұраныс артып келеді, салыстыратын болсақ, 2022 жылдың 9 айында жеке тұлғалардың жүрілген көліктерді сатып алуына ұсынылған несие көлемі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7 есе өскен.
Сондай-ақ 2022 жылы Еуразиялық банк тауар кредиттерін 4 секундта мақұлдайтын шешімді ұсынды. Мұндай жылдам нәтижеге ТМД-дағы ең үздік gov-tech секторының және Банктің мемлекеттік дерек қорларымен өзара белсене әрекеттесуінің арқасында қол жеткізілді. Тауарға кредит алу туралы өтінімдердің 90%-дан астамы онлайн қабылданған.
«Біздің банк автокредит бойынша алдыңғы орында тұр және тауар кредиттеуде тамаша нәтижелерді көрсетуді жалғастыруда. Біз халықаралық сарапшыларға екі цифрлық өнімімізге бірден жоғары баға бергені үшін алғыс білдіреміз», — деп атап өтті Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Ләззат Сатиева.
International Business Magazine Awards — International Business Magazine іскерлік басылымының 2018 жылы құрған халықаралық сыйлығы. International Business Magazine Awards сыйлығының басты мақсаты — Таяу Шығыс, Африка, Америка, Азия және Еуропадағы дамушы нарықтардың, әлемдік көшбасшылардың, корпорациялардың, сондай-ақ бизнес және қаржы қоғамдастығы өкілдерінің өз саласындағы үздік жетістіктерін атап көрсету.