Жаңалықтар

Геральдикалық зерттеу орталығының атауы өзгере ме – Роман Скляр жауабы

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман СКЛЯР мәжіліс депутаттарының Геральдикалық зерттеу орталығының атауын өзгертуге қатысты сауалына жауап берді.

«Геральдика» сөзі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңымен және 2016 жылы ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясымен бекітілген. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде, оның ішінде түркітілдес елдерде (Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және тағы басқа) «геральдика» сөзі қолданылады. Осыған орай, әлемдік тәжірибені ескере отырып, орталықтың атауын өзгертпеген жөн деп пайымдаймыз», — деді бірінші вице-премьер.

Оның атап өтуінше, орталық рәміздер мен геральдика белгілері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, жүйелеу жұмыстарын жүргізеді.

«Бұл жұмыстарға тарих, археология, этнография салаларының магистр мамандары тартылған», — деді Роман Скляр.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close