Жаңалықтар

Гуманитарлық көмек: Қазақстан қай елге көмектесті және қай елден көмек алды

 

Елімізде биылдан бастап Наурыз 10 күн бойы тойланады. Ұлық мерекенің жаңа форматы бойынша 14-23 наурыз күндері – Наурызнама онкүндігі деп жарияланды. Атап айтқанда, 14 наурыз Амал мерекесі тойланды. Ал бүгін, 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Оны ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз. Осы орайда, Қазақстанның қай елдерге көмек қолын созып, қиын сәттерде қолдау көрсеткеніне көз жүгірттік.

Қазақстан халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандықтан, басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяп көрген емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетілгенін айта кету керек.

Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Қазақстан халықаралық даму агенттігі» (KazAID) коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұсынған дерек бойынша, 2021 жылы Қазақстан 13,9 млн доллардың гуманитарлық көмегін көрсеткен. Көмекті қабылдаушы елдер – Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан.
Ал 2022 жылы 23,4 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан Ислам Республикасы, Украина, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жолдаған.
2023 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін 62,7 млн доллардың гуманитарлық көмегін Пәкістан Ислам Республикасы, Түркия Республикасы, Сирия Араб Республикасы, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне жөнелткен.

Атап айтқанда, 2023 жылы 6 ақпан күні Түркияда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында 7 балдан асатын екі рет жер сілкінді. Одан кейінгі жүздеген дүмпулер елдің 11 провинциясында және Сирия секілді көрші мемлекеттерде де сезілді. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкіметі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына гуманитарлық көмек жасады. Үкімет жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына көмек ретінде 1 млн доллар бөлді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close