Жаңалықтар

«Халық дауысы»: Жеңіс Қасымбек жылдың үздік әкімі атағына үміткер атанды

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек біздің рейтингте тоғызыншы орында тұр. Оның жұмысы қазақстандықтардың ерекше назарында. Не дегенмен де ол біздің бас қаламыздың дамуы үшін жауапты тұлға екенін ұмытпаған жөн. Елорда әкімі «Халық дауысы» турнир кестесінің ортасында орналасып, плюс белгісімен де, минус белгісімен де жеткілікті дауысқа ие болып отыр. Пікірге сәйкес, егер адамды мақтаса және сынға алса, онда ол өз жұмысын жақсы атқарады деген сөз.

Бұл Астана қаласының басшысына қатысты пікір ме? Жеңіс Қасымбек 2022 жылдың желтоқсанынан бері Астана әкімі қызметін атқарады. Ал оған дейін үш жылдан астам уақыт бойы Қарағанды облысының әкімі лауазымында қызмет етті. Қала басшысы үшін 2023 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Мысалы, ол астаналықтармен жиі кездесіп, кез келген шенеунікке қажет шыдамдылық пен сабырлық сияқты қаситтерді көрсетті.

Кездесуге қатысушылар негізінен үлестік құрылыс, балабақша мен мектептердегі орын тапшылығы, коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге қатысты бірқатар сауалдар қойды. Жеңіс Қасымбек құрылыс салушалардың сапасыз жұмысымен күрес үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездескеннен кейін, әкім өз уәделерін орындамаған құрылыс компанияларына қатаң жаза қолдануды жөн көрді.

«Нысандарда құрылыс жұмысы тоқтап тұр немесе қарқыны өте баяу.

Құрылыс салушылардың нашар әдеті бар – көзге көріну үшін арнайы техникаларды тек тұрғындармен және мемлекеттік органдармен кездесу кезінде ғана жеткізеді. Құрылыс жұмыстарының нақты қарқыны болмаса, іс қозғау үшін құзырлы органдарға жүгінетін боламыз»

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close